Астанада Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді
Астанада Гүлмира Сатыбалды ісіне байланысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана сотының хабарлауынша, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Іс бойынша Гүлмира Сатыбалды, Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебеков бірнеше бап бойынша айыпталып отыр.
Қылмыстық іс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалды, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-нің басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілініп отырғанын хабарлады.
Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.
Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Бұған дейін сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.