Halyq Uni логотип
×

Түрмеде отырған әйелдердің жанында баласы 4 жасқа толғанша қалуы мүмкін

Сенатта заң жобасы қаралып жатыр 

 Халық үні 09.03.2023 | 11:30
Түрмеде отырған әйелдердің жанында баласы 4 жасқа толғанша қалуы мүмкін
Фото: Sputnik.kz

Түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдердің жанындағы баласы 4 жасқа толғанша қалуы мүмкін. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сенатта «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

Қылмыстық-атқару кодексінде сотталған әйелдердің балаларымен үш жасқа толғанға дейін колонияларда болуы көзделген. Елімізде осындай 1 колония бар. Ол Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан, - деді ішкі істер министрі.

Ол жерде бүлдіршіндер Балалар үйіне орналастырылады. Әйелдер олармен шектеусіз, жұмыстан бос уақытта көріседі.

«Алайда үш жасқа толғаннан кейін балалар жақын туыстарына немесе балалар үйлеріне беріледі. Әлеуметтік байланыстарды сақтау мақсатында сотталған әйелдерге, егер аналардың босатылуына дейін бір жылдан аз уақыт қалса, 4 жасқа дейінгі балаларды қалдыруға мүмкіндік беретін норма көзделеді», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама