Биыл кәсіпорын басшыларына 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды
Жыл басынан бері мемлекеттік мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғаған
Елімізде 175 кәсіпорын басшыларына 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмысшының алдында жалақы бойынша 1,7 млрд теңгеден аса берешекті анықтаған.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден аса айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмысшының құқығы қорғалған. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.