Шығыс Қазақстандағы қар көшкіні: жолдағы қозғалысқа өзгеріс енгізілді

Халық үні

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Жол қызметкерлері учаскені тазартып жатыр. Бұл туралы «ҚазаАвтоЖол» хабарлады.

8 наурыз сағат 13:00 шамасында республикалық маңыздағы «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні өздігінен түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы – 4 м, ені – 3 м, биіктігі – 1 м, - делінген «ҚазАвтоЖол» таратқан ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық.

Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды. Қазір жол қызметкерлері учаскені тазартып жатыр. Арнайы техника жұмылдырылды.