×

Жетісу облысыда ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Олар есірткі сатты деген күдікке ілінген

 Халық үні 08.03.2023 | 15:00
Фото: Polisia..kz

Жетісу облысында есірткі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды,  деп хабарлады Polisia.kz.

Талдықорғанда облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, кезекті есірткі сататын нүктені жойды.

Полицейлер есірткі саудасына қатысы бар күдікті ерлі-зайыптыны ұстады. 

Ерлі-зайыпты өсімдік тектес есірткі заттарын тарату және сату фактісіне қатысы бар деп күдікке ілінді. Ерлі-зайыпты жалпы салмағы шамамен 10 грамм болатын гашиштің екі дозасын сату кезінде ұсталды. Фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр, – делінген Жетісу облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 23 келі түрлі есірткі тәркіленді. Есірткі саудасына қатысы бар 8 күдікті ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама