×

Елімізде билік пен басшылық қызметте әйелдер белсенді рөл атқарады

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі былтыр 55,4 пайызға дейін өскен

 Еркеғали Болатұлы 08.03.2023 | 11:45
фото: ашық дереккөз

Бүгінде қазақ әйелі – отбасының ұйытқысы ғана емес, білікті маман, жауапты басшы, табысты кәсіпкер. Олардың қоғамда алар орны ерекше.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі былтыр 55,4 пайызға дейін өскен. Соның ішінде 39,2 пайызы басшы лауазымын атқарады.

Жалпы, 59 әйел саяси лауазымдарға тағайындалған. Олардың арасында министрлер, агенттік, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық соттың төрағалары, облыстар мен қала әкімдерінің орынбасарлары бар.

Ал қазір елімізде кәсіпорын басшыларының 30,8 пайызы – әйелдер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама