Halyq Uni логотип
×

БҚО-да полицейлер 500-ге жуық киік мүйізін тәркіледі

Чапаево ауылының тұрғыны ірі партияны шаруашылық құрылыста жасырған

 Динара Амантай 07.03.2023 | 14:40
БҚО-да полицейлер 500-ге жуық киік мүйізін тәркіледі
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысының полицейлері киіктің 465 дана мүйізін тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ақжайық ауданы Чапаево ауылының 38 жастағы тұрғыны ірі партияны шаруашылық құрылыста жасырған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дәлелдемелік базаны бекіту және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама