Сенатор қоршаған ортаның ластануына байланысты алаңдаушылық білдірді
Сенатор Әбдәлі Нұралиев қоршаған ортаның ластануына байланысты алаңдаушылық білдіріп, бұл жұртшылық назарын аударатын өзекті тақырыптардың бірі екенін атап өтті. Ол бұл туралы премьер-министр атына жолдаған депутаттық сауалында айтты.
«Депутат қалалардағы экологияның нашарлауы адамдардың өмір сүру сапасы мен ахуалына теріс әсер ететінін атап өтті. Экологтар қалаларда атмосфераның жоғары деңгейде ластануы салдарынан құрбан болатындар жылына орта есеппен 2%-ға көбейіп бара жатқаны жайында деректер келтіріп отыр. Ал үш жыл ішінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны 14%-ға өскен. Әсіресе, республикалық маңызы бар және өнеркәсібі бар қалаларда жағдай нашарлап барады. Сенатор осыған байланысты өзінің депутаттық сауалында жағдайды жақсарту үшін жұмысқа қарқын беру қажеттігін айтты», – дейді Сенат.