Кітап 13 сәуірде жарыққа шығады
Харуки Муракамидің 2017 жылы «Командирді өлтіру» романынан кейін алты жылдан соң бірінші рет жазылған алғашқы романы 13 сәуірде жарық көреді, деп хабарлайды Halyq Uni.
lithub.com басылымының жазуынша, роман Жапонияда басылыа шығады. Дегенмен баспалар ағылшын тіліне аударып басуға қазірден дайын отыр.
«Қала мен солқылдақ қабырғалары» аталатын роман 1200 беттен тұрады. Оқиға Муркамидің өзіне ғана тән әлемінде әуелден сыры қанық емес хикаяны қамтиды.
Қалаға баруымыз керек. Не болса да бәрібір. Құлыптаулы «тарих» оңаша мұрағатта «ескі армандар» оянып, шешіліп жатқандай, тынымсыз қозғала бастайды, – делінген тизерде.
Аталған жаңалықпен қаламгердің өзі фейсбук парақшасында бөлісті.
Жапон жазушысы Харуки Муракамидың кітаптары 50 тілге аударылған. Жазушы фантастикасы үшін Жапонияда және өзге де халықаралық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие болды.