Halyq Uni логотип
×

Cәуірден бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады

Корея республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет

 Айнұр Шошаева 31.03.2022 | 14:31
Cәуірден бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады
көрнекі фото: realtgarant.ru

Қазақстан азаматтары 1 сәуірден бастап Оңтүстік Кореяға визасыз бара алатын болды. Екі елдің үкіметі қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімге келді. Осылайша, Қазақстан азаматтары – ұлттық паспорт иелері Оңтүстік Кореяға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады.

Бұған дейін Оңтүстік Корея тарапы коронавирус пандемиясына байланысты визасыз режимді тоқтатқан еді.  

Жалпы, Корея республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың «К-ЕТА» электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру қажет. Оған сәйкес елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшақ бортына отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяға сапар шегетін азаматтарға осы елде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар туралы ақпаратты Корея Республикасының Қазақстандағы консулдық мекемелерінде алдын ала нақтылауға кеңес берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама