Halyq Uni логотип
×

«Қайрат» футбол клубының ұжымы Тоқаевқа үндеу жасады

Олар Қайрат Боранбаевқа қатысты істің әділ қаралуын сұрайды

 Ербол Тұрымбет 31.03.2022 | 13:17
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Тоқаевқа үндеу жасады
Қайрат Боранбаев, фото: vesti.kz

Алматылық «Қайрат» футбол командасының бапкерлік штабы, ойыншылары және клубтың әкімшілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Бұл үндеуге алматылық клубтың ардагерлері - Құралбек Ордабаев, Владимир Никитенко, Самат Смақов, Сейілда Байшақов, Вахид Масудов атсалысты.

Клубтың ардагер ойыншылары (42 адам), қазіргі футболшылары мен бапкерлік штабы (40 адам), еңбек ұжымы (28 адам) ел президентінен «Қайрат» футбол клубының бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істің әділ қаралуын қамтамасыз етуді сұрайды.

Еске салайық, қазақстандық олигарх Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп, ол уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Қайрат Боранбаев – Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Айсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Айсұлтан 2020 жылы тамызда Лондонда қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама