×

Рамазан айында елорда мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды

Астанада 12 мешіт бар, бірақ автобустар ірі 5 мешітке қатынамақ

 Халық үні 31.03.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөзден

Рамазан айында қала мешіттеріне түнгі автобустар қатынайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұқанов айтты.

Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Қазір елордадағы 12 мешітте Рамазанға қызу дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Астана әкімдігі 2 сәуірден бастап ораза аяқталғанша қаладағы ірі мешіттерге түнгі автобустар қатынасын қамтамасыз етуді қолға алды. Түнгі автобустар елордадағы 5 мешітке, атап айтсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Рыскелді қажы мешіті және Раиса ана мешітіне қатынайды, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі Рамазан айына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығына хабарласуға болатынын еске салды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45