Қостанайлық маскүнем ақша бермеген 73 жастағы көршісін ұрып-соққан
Екі адам жабылып ұрғанда, қария алған соққылар салдарынан естен танып қалған
Қостанайда 73 жастағы зейнеткер Владимир Стрельников 7 жылдан бері тұрып жатқан жатақханасында ақша үшін соққыға жығылған. Бұл туралы «Наша газета» басылымы жазды.
Оқиға 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Қарияның айтуынша, оны мас көршісі мен бейтаныс жас жігіт соққыға жыққан.
Валера Финко екеуміз қалыпты қарым-қатынаста болдық. Ол кейде ішетін. Мен онымен ешқашан ішкен емеспін. Әр кезде ол маған мас болып келетін. Финко басында жалғыз болды. Көрші бөлмеде тұрады. Жасы 50-ден асқан. Сосын екіншісі келді, 25-30 жаста, қара шашты. Финко қорқытып: «Маған карточка беріңіз!» - деді. Мен бермедім, - деді зейнеткер.
Оның айтуынша, екі ер адам оны беттен және денесінен ұрған. Қария алған соққылар салдарынан естен танып қалған.
Келесі күні ояндым. Есік құлыптаулы екен. Сосын есікті ашты, мені облыстық ауруханаға апарды. Дәрігерлер диагноз туралы ештеңе айтпады, бәрі тез болды. Еске алу қиын. Екі күн ауруханада жаттым. Олар бірдеңе жазды, не екенін білмеймін. Сосын полицияға арыз жаздым. Қабылдады. Сот болды. Оларға 5 күн берілді. Менің ойымша әділетсіз, мұның бәрі маскүнемдіктен! Бірақ мен енді сотқа да, полицияға да бармаймын. Осы да жетеді, - деді жәбірленуші.
Басылым тілшісі Қостанай облысының полиция департаментінен осы оқиғаға қатысты түсініктеме сұраған.
Стрельников сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Сондықтан келтірілген дене жарақатының ауырлығы ұрып-соғуға жатқызылады, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ сотта қаралған кезде жәбірленушіге сараптама тағайындауды судья да ұсынған. Бірақ зейнеркер одан да бас тартыпты.