Ол 25 шақырым аумаққа «қызмет етпек»
Маңғыстау облысының республикалық маңызы бар жолдарында «электр бақташы» орнатылды.
Қазавтожол жолдағы қауіпсіздікке ерекше назар аударады. Мәселен, Маңғыстау өңірінде жануарларды үркітетін «электр бақташы» (электропастух) құрылғысы қойылды. Бұл құрылғы жануарларға қауіп төндірмейтінін ескеру қажет (тоқ күші шамамен 12 вольт). Орнатылған құрылғының жалпы ұзындығы — 25 шақырым. Құрылғы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы мен «Жетібай-Жаңаөзен» тас жолы бойында орнатылды, – дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.
Ал былтыр республикалық маңызы бар автожолдар бойына 14 дана үй жануарлары муляжы (түйе, жылқы) және 13 000 м жол қоршауы қосымша қойылды. Муляждар жүргізушілерге жануарлардың кенеттен жолда болуы мүмкін екенін еске салады. Жол қоршауы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 673-674 км – 400 метр, 709 км – 2200 метр, 729 км – 400 метр, 738 км – 422 метр, ал «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» автожолының 51-56 км – 9450 метр орнатылды. Биыл (Ман-Ата, Беки, Жармыш) сияқты жолдардың басқа учаскелері де аталмыш жұмыстармен қамтылмақ.