Өрттің жалпы алаңы 9 шаршы метрді құрады
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде құтқарушылар 7 адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 20.00-де Қазыбек би ауданы Дүйсембеков көшесінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. 22 қабатты үйдің 5-қабатында 3 бөлмелі пәтерде ағаш есік, үй заттары, жиһаз жанды. Өрттің жалпы алаңы 9 шаршы метрді құрады.
Өрт сағат 20.29-да сөндірілді.
ТЖД күшімен автосаты және баспалдақ маршымен кіреберістен құтқару қалпақшасының көмегімен 7 адам,оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.