Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік қаза тапты
Сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр, – деді Ырғыз ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Санат Имантаев.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады.