×

Түркістан облысында балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

Олардан 60 келі сазан тәркіленді

 Халық үні 31.03.2022 | 11:00
фото: polisia.kz

Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 60 келі сазан тәркіленді.

Таңғы сағат 00:30 шамасында табиғатты қорғау инспекторы Келес ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Сырдария өзенінде тексеру жұмыстары жүріп, браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы темірден жасалған шанышқыны пайдаланып, балықты заңсыз аулап жүрген екі тұрғынды анықтады. Олардан айғақты зат ретінде бір резеңке қайық, насос, сүзгіш, жарықбергіш, токбергіш құрылғылар алынды. Сонымен қатар заңсыз ауланған 60 келі сазан тәркіленді, – дейді полиция.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді істің мән-жайын анықтау үшін бірден аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Қазір аталған жайтқа қатысты қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18