Күдіктінің үйін тінту кезінде айғақ заттар тәркіленді
Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі ошағын тапты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғыны есірткіні басқа адамдармен пайдалану үшін нашақорларға өз үйін жиі берген деген күдікпен ұсталды.
Оның үйін тінту кезінде жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, есірткіні пайдалану үшін қолданатын басқа да заттарды тауып, тәркіледі.
Қазір ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.