×

Петропавлда құтқарушылар 19 жастағы жігітті суицидтен аман алып қалды (ВИДЕО)

Ол 4-қабаттан секірмек болған

 Динара Амантай 03.03.2023 | 12:44
Фото: vesti-ua.net

Петропавлда жас жігіт отбасындағы жанжалдан кейін 4-қабаттан секірмек болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше кешке Петропавл қаласы ПБ екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан 19 жастағы ұлының Ибраев көшесіндегі пәтерінде жанжал шығарғаны туралы шақыру түскен. Аталған дерек Петропавл қаласы ПБ-ның ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Шақыруға кезекші учаскелік полиция инспекторы мен ТЖД құтқарушылары барды.

Мас жігіттің отбасылық жанжалдан кейін 4-қабаттың терезесінен секіруге тырысқаны белгілі болды. Құтқарушылар мен полицейлер кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша осы оқиғаға қатысты әкімшілік материал жиналды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жігіт «жеңіл» дәрежеде алкогольдік мас халде болған. Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама