Ақтөбе облысында қаңғыбасты басшы етіп қойған компания анықталды
ЖШС-ның бюджетке келтірген шығыны 164 млн теңгеден асып кеткен
Ақтөбе облысында жалған шот-фактура жазып беру арқылы қомақты қаржы жымқырған ЖШС-ның әрекеті әшкереленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеген. Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуге тиіс шығыны 164 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Ю.В. Авдониннің қазір қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұратынын және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті.
Сот шешімімен ЖШС-ның мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.