×

Ноғайты өзені тасыды: Сағыз ауылының тұрғындары мектеп пен колледжге эвакуацияланды

Су деңгейі шамамен 3 метр көтерілген

 Айнұр Асылбекқызы 31.03.2022 | 09:55
фото: Halyq Uni

Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз стансасының ішімен өтетін Ноғайты өзенінің суы арнасынан тасып, ауылдағы үйлерді су басу қаупі туындады.

Су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, оларға жағдайды түсіндіріп, колледж бен мектепке эвакуацияланбақ. Эвакуацияланған тұрғындар саны 50 адам, оның ішінде 23 бала бар.  

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер, өзге де мекеме қызметкерлерінен құралған екі жүздей адам мен ондаған техника жұмылдырылған.

Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінің суы бұрын-соңды дәл бұлай тасымаған. Алайда өзен суы биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасып жатыр.

30 наурыз күні сағат 22.00-де еріген судың (қардың еруі) салдарынан Сағыз стансасы арқылы өтетін Ноғайты өзенінде су тасқыны болды. Су деңгейі шамамен 3 метр көтерілді.

Ноғайты өзені Ақтөбе облысынан бастау алып Сағыз ауылына ағып, Қоңырсай өзеніне құйылады.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (18 қызметкері), Жергілікті атқарушы органның (25 қызметкері), жергілікті тұрғындар (100 адам), Аудандық полиция бөлімінің (2 қызметкер, 2 техника), «Шанхай контракшн» ЖШС (3 қызметкер, 1 тиегіш), «Адай» ЖК (3 қызметкер, 1 тиегіш), ЖК «Ерболат» (1 қызметкер, 1 тиегіш) және ҚТЖ (30 қызметкер) күштерімен тұрғындарды жергілікті мектепке, колледжге эвакуациялау және құм төсеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

31 наурыз сағат 09.00-де су деңгейі төмендеді. Сағат 03.30-да эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08