Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында шетел азаматтары елден шығарылды

Бұдан басқа, еліміздің 6 азаматы жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 02.03.2023 | 09:29
Қостанай облысында шетел азаматтары елден шығарылды
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында 9 шет ел азаматы елден шығарылды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 20-28 ақпан аралығында Қостанай облысында өткен «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасында көші-қон заңнамасын бұзған 9 шет ел азаматы анықталған. Олардың барлығы соттың шешімімен елден шығарылды. Бұдан басқа, 6 жұмыс беруші шетелдіктердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

6 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, «Мигрант» жедел алдын-алу шарасында Ұзынкөл ауданында Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзған 33 жастағы Өзбекстан азаматы анықталды. Сот шешімімен ол елден шығарылды, – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, «Мигранттың» басты мақсаты – сот шешімі бойынша бұрын елден шығарылған шетелдік азаматтардың құқықтық мәртебесін реттеу, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдіктерді анықтау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама