×

Ақмолалықтардан ақша бопсалап жүрген Бурабай тұрғыны қолға түсті

Жәбірленушілердің арасында облыс орталығының жеке кәсіпкері де бар

 Еркеғали Болатұлы 01.03.2023 | 17:34
фото: дереккөз

Ақмола облысының полицейлері жастардан жүйелі түрде ақша бопсалап келген Бурабай ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Бұрын сотты болған күдіктіні ұстау үшін полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген.

25 жастағы ақмолалық жәбірленушілерді мобильді қосымшалар арқылы «онлайн-несиелер» рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейін ақшаны өзіне алған. Залал сомасы 250 мың теңгеден 1,4 млн теңгеге дейін болған. Щучинск қаласында және Көкшетауда осындай 4 факт тіркелді. Жәбірленушілердің арасында облыс орталығының жеке кәсіпкері де бар. Оған күдікті қоқан-лоққы көрсетіп, 1,4 млн теңге бопсалаған, - деп мәлімдеді ведомство.

Қазір оның үстінен «Бопсалау» бабымен қылмыстық іс қозғалып, зардап шеккен басқа азаматтар анықталып жатыр.

Күдікті қамауда отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама