Қосшыда көршісінің үйінен 20 млн теңге ұрлаған адам ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Күдікті пәтердің есігін бұзбай, кілтпен ашып отырған

фото: polisia.kz

Астананың іргесіндегі Қосшы қаласында көршісінің үйінен 20 млн теңге ұрлаған адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ақмола облысының полицейлері 26 ақпан күні Қосшы қаласында пәтер ұрлығымен айналысқан азаматты ұстады. Оған ақшасын ұрлатқан адамның айтуынша, күдікті үйдің есігін бұзбай, кілтпен ашып, ұрлық жасап отырған.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ұрлаған ақшасын бір жыл бойы үйінде жинап, жатын бөлмесінде сақтаған. Соңғы ұрлық болған күні де күдікті әдеттегідей көрші пәтердің есігін бұзбай ашып, ақша ұрлаған.

Қосшы қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу жедел-іздестірудің нәтижесінде күдіктіні Қарағанды қаласында ұстаған. Қазір ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.