Өңірде 12 автожол жабық тұр
Ақмола облысының полицейлері ауа-райының қолайсыздығында байланысты тасжолда қалған 6 көлік легін ертіп жүрді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ауа-райына байланысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін 28 ақпанда Ақмола облысында 12 автожолды жабу туралы шешім қабылданған. Полиция жасақтары мен басқа да құзыретті органдар блокбекеттер мен жақын маңдағы елді мекендерден жылыту пункттерін белгілеп, қосымша экипаждар енгізді.
Қазір полицейлер 6 автокөлік легінде 1 мыңнан аса автокөлікті Қостанай және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының шекараларына дейін және кері бағытта ертіп жүр. Ал ауа-райына байланысты «Астана – Павлодар» және «Астана – Щучинск» тасжолдары жабық күйінде қалып отыр.