×

Алматыда ер адамды ұрламақ болғандар ұсталды (ВИДЕО)

Айтуларынша, жәбірленуші оларды қомақты ақшаға алдап кеткен

 Динара Амантай 01.03.2023 | 13:54
Фото: Sputnik. Асем Миржекеева, Болат Шайхинов

Алматы полицейлері адам ұрлаудың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қылмыс кеше кешкісін қаланың Алмалы ауданында болған.

Жедел басқару орталығы жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түскен. Қала бойынша арнайы «Перехват» жоспары енгізілді. Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында тоқтатты. Салонда 3 адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, оның аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды. Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.

Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемді ақшаға алдап кеткен. Осылайша, олар қарызды қайтарып алмақ болған. Жәбірленуші бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Сондай-ақ ол өзін құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және Конституцияның нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама