Halyq Uni логотип
×

Шамалған станциясына «Сергек» орнатылды

Сондай-ақ «Алматы-Жандосов» жолында Қаскелең қаласының бұрылысына бағдаршам қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 01.03.2023 | 13:15
Шамалған станциясына «Сергек» орнатылды
фото: ашық дереккөз

Шамалған станциясы учаскесінде «Сергек» камералары орнатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның хабарлауынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Шамалған станциясы учаскесінде пойыз бен автобус соқтығысып, соның кесірінен автобустың жүргізушісі қаза тапқан болатын. Бұл жерде көлік жүргізушілері көбінесе автокөлік қарсы жүретін жолаққа шығып, шлагбаумға тоқтамай, теміржолға шығады. Сол себепті, жол қозғалысы ережелері жиі бұзылатын теміржол өткелінде бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Алматы облысының прокуратурасы жергілікті полиция департаментімен бірігіп, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасын жалғастырып жатыр. Бір айда мобильдік топтармен 28 рейд жасалып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 153 заң бұзушылықты анықтады. Қарасай ауданы Шамалған теміржол өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Алматы-Жандосов» жолында Қаскелең қаласының бұрылысына бағдаршам қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама