×

29 мыңға жуық қазақстандық кәсіптік оқыту курстарында оқыды

Онда әртүрлі бағыт бойынша 211 курс жарияланған, оның 155-і тегін

 Динара Амантай 01.03.2023 | 10:50
Фото: syrboyi.kz

Жыл басынан бері 28,9 мың азамат, оның ішінде 1,4 мыңға жуығы жұмыссыз, skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, платформаға жалпы 220,9 мың қазақстандық тіркелді. Оның 28,5 мыңы 2023 жылы тіркелген.

Оқудан өткен 6,2 мың жұмыссыз азаматтың 1,1 мыңы – негізінен Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 211 курс жариялады. Оның 155-і тегін. Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Разведение КРС молочного направления», «Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны», «Выращивание клубники от А до Я», «Сүтті ірі қара өсіру», «Управление персоналом» және «Кассир».

Платформада ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама