×

Қазақстанға Ресейден қауіп төніп тұрған жоқ – Мұхтар Тілеуберді

Әлемдегі ең ұзын шекара қос елдің арасында

 Дәурен Ерболат 28.02.2023 | 19:28
Фото: Halyq Uni

Бүгінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде біз Ресей Федерациясынан қауіп төнгенін көріп те, сезініп те отырған жоқпыз. Қазақстан - ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мүшесі. Сондықтан біз Ресеймен қарым-қатынасты көпжақты шеңберде жұмыс істейтін альянс ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастыққа немесе екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсам, бізде берік құқықтық база бар, - деді министр Астанада өткен C5+1 кездесуінен соң.

Сондай-ақ Мұхтар Тілеуберді қос ел арасында шекараға қатысты мәселе жоғын атап өтті.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны делимитациялау аяқталған. Бұл – әлемдегі ең ұзын шекара, ол – 7,5 мың шақырым. Шекараның 70%-ы демаркацияланған (нақты белгіленген). Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастырады. Осылайша, біз әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік жүйесін сақтауға тырысамыз», - деп түйіндеді сөзін басшы.

Айта кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездескені хабарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама