×

Білім министрі Назарбаев университетіндегі Z таңбасына қатысты түсініктеме берді

Университет әкімшілігі әлі бұл туралы пікір білдірген жоқ

 Айнұр Шошаева 30.03.2022 | 15:27
скриншот: әлеуметтік желі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі кабинеттердің бірінің есігінде ілінген «Zа наших» деген жазуға қатысты түсініктеме берді.

«Оқу орындарының мұғалімдеріне өз жеке пікірі мен көзқарасын есікке жазып қоюға рұқсат берілген бе?» деген сауалға ол:

«Оқытушы болсын басқа болсын - заң алдында барлығы бірдей жауапты. Егер олар қоғамда арандатушылық туғызатын көзқарастағы заңға қайшы әрекет жасаса, жауап береді. Мен әлі бұл іспен танысқан жоқпын. Енді естіп тұрмын.

Екіншіден, Назарбаев университеті автономдық статусқа ие. Олардың жеке заңы бар, Білім және ғылым министрлігінің қарамағына кірмейді. Ұстаздарға келетін болсақ, педагогтерге арналған кодекс бар, онда барлығы анық жазылған. Олар сабақ өткізу кезінде оқу бағдарламасынан бөлек, пропагандаға жол бермей, саяси көзқарасын тықпаламауы керек», - дейді министр.

Белгілі болғандай, Назарбаев университетіндегі кабинеттердің бірінің есігінде ілінген жазу алынып тасталған. Ал, университеттегі IT-департамент қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Латын әліпбиіндегі Z таңбасы алғаш рет Украина жеріне басып кірген ресейлік әскери техниканың сыртынан байқалған. Қазақстанда Z таңбасын сепаратистік сипаты бар деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама