×

Түркістанда қару қолданып, бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

Тінту кезінде одан есірткі заты мен шолақ мылтық, пышақ тәркіленді

 Динара Амантай 28.02.2023 | 16:31
Фото: polisia.kz

Түркістанда ер адам жергілікті тұрғынды қарумен қорқытып, соққыға жыққан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын бұзақылық қылмысы бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреу қарумен қорқытып, ұрып-соғып, дене жарақатын салған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Нәтижесінде полицейлер бұзақылық жасады деген күдіктіні анықтап, жедел уәкілдер тінту кезінде одан есірткі заты мен шолақ мылтық, пышақ тәркіледі.

Қазір осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тағайындалған сараптамалар қорытындысымен заңды процестік шешім қабылданатын болады.

Күдікті деп танылған Түркістан қаласының тұрғыны қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама