×

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

4 адам қаза тауып, үшеуі түрлі жарақат алды

 Динара Амантай 28.02.2023 | 14:49
Фото: polisia.kz

Атырау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 07:55 шамасында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 492 шақырымында, Мақат – Қызылқоға бағытында болған.

Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 1 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама