Елімізде педагогтер мен дәрігерлердің жалақысы екі есе өседі
2023 жылға қарай әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы да өседі
2023 жылға қарай Қазақстандағы педагогтердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы екі есе өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
Президент тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап педагогтердің, 2021 жылдан бастап медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіру басталды, нәтижесінде 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есеге артады.
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 41%-ға, 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін ұлғайды, бұл шамамен 1 млн 650 мың жалдамалы жұмыскердің ақшалай табысының өсуіне алып келді», – деді Ержан Біржанов.