Астана күніне байланысты демалыс басқа күнге ауыстырылды
Үкімет қаулысының жобасы дайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады.
Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын, – делінген құжатта.
Министрліктің хабарлауынша, демалыс күні демалыс күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауыстырылған.
Биыл Қазақстан халқы Астана күні екі күн қатарынан (6, 7 шілдеде) демалады.