31 жастағы әнші шетелде көлік апатынан опат болды
28 ақпанда Таиланда көлік апатынан қайтыс болған қазақстандық әнші Darkhan Juzz-дің (Дархан Жүнісбеков) мәйіті Алматыға жеткізіледі. Бұл туралы Cыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ертең (Таиландта) қайтыс болған отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі Қазақстанға жеткізіледі: Пхукет – Алматы әуе рейсі арқылы, - деді Айбек Смадияров.
Әнші-музыкант Дархан Жүнісбековтің мәйіті Алматыға Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақпен жеткізіледі. Барлық шығынды әуе компаниясы көтереді.
Ақша жинауға қатысты тоқталайын. Продюсердің айтуынша, бүгінге дейін жиналған барлық қаражат марқұмның туыстарына беріледі, - деді СІМ өкілі.
Айта кетейік, 24 ақпанда танымал қазақстандық әнші Дархан Жүнісбековтің Таиландта көлік апатынан қайтыс болғаны хабарланды.
Дархан Жүнісбеков 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақша инди-поп жанрын дамытқан және көптеген ән мен саундтректің авторы.
24 ақпан күні кешке Алматының Жібек жолы даңғылының Абылай хан және Назарбаев көшелерімен қиылысына жастар жиналып, Дархан Жүнісбековті еске алды, екі сағат бойы музыканттың әндерін айтты.