3 адам ауруханаға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Подстепное – Меловые горки тас жолының 4-шақырымында 30 жастағы жүргізуші Volvo автокөлігін басқарып келе жатып, 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды.