Halyq Uni логотип
×

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 10-пакетін қабылдады

Жазалау шаралары 121 жеке және заңды тұлғаға қатысты болады

 Динара Амантай 25.02.2023 | 18:00
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 10-пакетін қабылдады
Фото: Halyq Uni

Еуроодақ елдері Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше ЕО елдері санкциялар туралы келісімге келіп, бүгін ұйымның сыртқы саясат ведомство басшысы Жозеп Боррелл санкциялардың ресми қабылданғанын хабарлады. Оның айтуынша, шектеулер жекелеген санаттағы тауарлардың импорты мен экспортына, сондай-ақ ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының трансляциясына әсер етеді.

Сонымен қатар, жазалау шаралары 121 жеке және заңды тұлғаға қатысты болады.

Бұған қоса санкциялар тізіміне кем дегенде 6 мың украиндық баланы депортациялауға және мәжбүрлеп асырап алуға жауапты азаматтар бар, - деп мәлімдеді Боррелл Twitter-де.

Бұл адамдарға ЕО-ға кіруге тыйым салынады және де олардың қаржылық активтері бұғатталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама