Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Мемлекетке 1 млрд теңге көлемінде залал келтірілді

 Динара Амантай 25.02.2023 | 11:15
Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында ақбөкендерді заңсыз атумен айналысқан 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірді.

Құнды тауардың ірі партиясын саудалау кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды.

Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама