Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында халыққа 680 мың га аса жайылым жетіспейді

Үкімет басшысы облыста кеңес өткізді

 Ербол Тұрымбет 25.02.2023 | 11:01
Жетісу облысында халыққа 680 мың га аса жайылым жетіспейді
Фото: primeminister.kz

Талдықорғанда премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігі Экология министрлігімен бірлесіп, ирригациялық желілерді сапалы жаңғыртып, су объектілерін уақытылы пайдалануға беруі қажет. Сондай-ақ, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару әлі де өзекті мәселе болып отыр.

Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек, – дейді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, инженерлік инфрақұрылым бойынша қолданыстағы кәріз желілерінің тозу деңгейі 58%-ға жеткен. Облыста бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды, тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған.

Денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы айта келе, Үкімет басшысы облыстағы 59 медициналық нысан жалға алынған және бейімделген ғимараттарда орналасқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама