×

Елімізде ең қымбат газ Қонаев қаласында

Елімізде газ баллонының орташа бағасы 3 мың теңге көлемінде

 Ербол Тұрымбет 25.02.2023 | 10:05
Фото: ашық дереккөз

Қонаев қаласының тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайтын болып шықты.  Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, онда газдың  50 литрі 4600 теңгеден, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сонымен қатар, көгілдір отын Қарағанды ( 4380 тг), Алматы (4000 тг), Семей (3886 тг), Өскемен (3733 тг) және Көкшетау (3177 тг) қалаларының тұрғындары үшін қымбатырақ.

Газ баллонының ең арзаны Қызылордада – 50 литрі 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында.

Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалалары бойынша деректер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама