2022 жылы үлкен салмақпен 54, алып салмақты 10 нәресте туған
Теміртауда «Ана мен бала» көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм бала дүниеге келді. Анасы нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Жүкті әйел ауруханаға 22 ақпанда түскен. Салмағы – 5055 грамм, бойы – 57 сантиметр ұл бала дүниеге келді.
Бұл – әйелдің төртінші баласы. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты. Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі. Яғни 4 мың грамнан асатын балалар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5 мың грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады, - делінген хабарламада.
Жалпы, 2022 жылы үлкен салмақпен 54, алып салмақты 10 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде ең үлкені облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы – 6 520 грамм.
Ал биыл үлкен салмақты 4 сәби дүниеге келген.