Бір тәулікте 98 адамнан коронавирус анықталды
Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Елімізде бір тәулікте 98 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
24 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 635 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 99 пациент стационарда, 1 536 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирусқа шалдыққандар арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Жасанды тыныс алу аппаратына бір науқас қосылған.