Halyq Uni логотип
×

Елімізде 82,7 мың зейнеткер әлі жұмыс істеп жүр

Жұмысқа тәуелді қариялардың ең көбі Қостанай облысында тіркелген

 Еркеғали Болатұлы 24.02.2023 | 09:27
Елімізде 82,7 мың зейнеткер әлі жұмыс істеп жүр
фото: zviazda.by

Елімізде жұмыс істейтін зейнеткер көбейген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 65 жастан асса да еңбек етіп жүргендердің дені Қостанай облысында.

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 2 миллионнан аса зейнеткер бар екен. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет зейнет жасына толғаннан кейін жұмыс істей ме, жоқ па, ол жағын өздері біледі деп отыр.

Елімізде зейнетке шыққан азаматтар жұмыс берушінің өз ынтасына қарай жұмысын жалғастыра алады. Яғни, әрбір жұмыс беруші зейнетке шыққан азаматтардың ары қарай жұмыс істеу-істемеуін өздері шешеді, - дейді ол.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыс істейтін 65 жастан асқан зейнеткерлердің саны 27 пайызға өскен. Жұмысқа тәуелді қариялардың ең көбі Қостанай облысында тіркелсе, Ақмола облысында 20 мың қарт еңбекке тәуелді, Қарағанды облысында 10 мыңға жуық зейнеткердің тұрақты табысы бар. Ал БҚО, ТО, Астана, Шымкент қалаларында еңбек етіп жүрген зейнеткер некен-саяқ.

Ranking.kz порталының хабарлауынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша зейнет жасындағы 82,7 мың адам әлі жұмыс істеп жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама