1951 жылы туған азаматтың Қазақстан аумағына келгеніне 20 жылдан асқан
Өзбекстан азаматы 20 жылдан аса уақыт бойы Қазақстанда құжатсыз жүрген. Осы уақыт аралығында ол отбасын құрып, 5 баланың әкесі атанған. Бұл туралы ІІМ ресми Telegram-арнасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 1951 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағына 2000-жылдары келген. Ол осы уақыт аралығында қазақстандық әйелмен отбасын құрған.
72 жастағы шетелдіктің айтуынша, сол жылдары ол құжат дайындамақ болған, алайда қажетті құжаттарды толық жинақтап, тапсырмаған.
Атырау қалалық ПБ Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, оны еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшілігіне жолдаған, - деп жазылған хабарламада.