×

Айыппұл мен қоғамдық жұмыс: Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар қалай жазаланады?

Жекеменшік компаниялар мен жеке тұлғаларға елтаңбаны пайдалануға тыйым салынған

 Халық үні 23.02.2023 | 15:19
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда мемлекеттік рәміздер ерекше статусқа ие және заңмен қорғалады. Оларды дұрыс пайдаланбаған жағдайда ірі көлемде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды Halyq Uni

Мемлекеттік рәміздер 16 жылдан бері заңмен қорғалып келеді: 2007 жылы Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді ту, елтаңба мен әнұранды орынсыз пайдалануға тыйым салатын заңнамалық норма қолданыла бастады. Аталған заңда  рәміздерді қолдану шарттары және анықталған бұзушылықтар үшін тиісті жазалар нақты көрсетілген. Мәселен, онда қазақстандықтарға балкондар мен ғимараттардың қасбеттеріне туды ілуге тыйым салынды. Алайда бұл норма 2020 жылы жойылды. Бірақ айыппұлға әкелетін шарттар сақталды.

Халықтың патриоттық сезімін білдіру үшін пайдаланатын құрал – мемлекеттік туы. Спорттық жарыстар мен мерекелік іс-шараларды жиі пайдаланылатын атрибут. Сондай-ақ саяхаттаушылар жиі қолданады. Алайда оны пайлану немесе ілу кезінде қаперде ұстауға тиіс мәселелер бар. ҚР Әкікмшілік кодекстің 458-бабына сәйкес, оны заңсыз пайдалану үшін жаза көзделген, бұл норма басқа да рәміздерге қатысты. 

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, мемлекеттік туды: апат сигналын беруді қоспағанда, төңкеріп қоюға, жерге, еденге, суға және т. б. тиетіндей етіп қоюға, көлденеңінен алып жүруге болмайды. Сондай-ақ зақымдалуы немесе ластануы мүмкін болса орнатуға, оған заттарды орап, кенеп ретінде бірдеңе жазуға немесе бояуға болмайды. Киім, төсек-орын және драп ретінде, костюмде немесе спорттық формада қолданылуға тыйым салынған (тудың бейнесі тек патриоттық ұйымдар, әскери, полиция және өрт сөндірушілердің формасына тігілуі мүмкін). Бұған қоса, майлықтар, қораптарға және басқа да бір рет қолданылатын заттарға сурет түрінде басуға қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде рәміздерді орнатудың арнайы тәртібі белгіленген. Тек ту мемлекеттік емес нысандардың қасбетіне орнатылған болса, тәуліктің қараңғы кезінде оны арнайы жарықтандырудың қажеті жоқ. 

Қазақстандықтар туды бірнеше жағдайда пайдалана алады. Мысалы, мерекелік іс-шаралар кезінде оны қолдануға шектеу жоқ. Әрі оны тұрғын үйдің қасбетіне немесе балконына ілуге заңмен рұқсат берілді.

Соңғысында ескеретін бір жайт бар. Ту өлшеміне қарамастан мемлекеттік стандартқа сай болуы керек. Яғни, ол көк түсті матадан, тікбұрышты түрінде жасалуы керек. Тудың өлшемдерінің арақатынасы 1:2 болуға тиіс. Ортасында күн сәулесі және оның астында қалықтаған бүркіт бейнеленген, ал тудың білігінің жағында ою-өрнек (тік жолақ) бейнеленген. Бұл элементтердің барлығы алтын түсті болуы шарт. 

Бұдан бөлек әнұран мен елтаңбаны қолдану ережесі де бекітілген. Жекеменшік компаниялар мен жеке тұлғаларға елтаңбаны пайдалануға тыйым салынған. Оның бейнесін мемлекеттік туды пайдалану ережесін сақтай отырып қана қолдануға болады. Сол сияқты әнұранды пайдалану тәртібі бар, ол Конституциялық заңмен реттеледі. Атап айтқанда, әнұран орындалғанда ҚР азаматтары орнынан тұрып, оң қолын жүрек тұсына қоюға міндетті. Сондай-ақ әнұранның мәтінін немесе музыкасын басқа әндер мен шығармалардың негізі ретінде пайдалануға қатаң тыйым салынады. 

Айта кетейік, биыл қаңтар айында мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қолданылатын жаза күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 372-бабына өзгеріс енгізіліп, нәтижесінде айыппұл көлемі артты. Рәміздерді қорлағаны үшін айыппұл мөлшері 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды (бұрын айыппұл сомасы 2 мың АЕК болған), сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту мөлшері 900 сағатқа дейін (ескі нұсқада-600 сағатқа дейін) болып бекітілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама