Halyq Uni логотип
×

Жеке куәлігін жиі жоғалтатын қазақстандықтар үшін мемлекеттік баж сомасы өседі

Кәмелетке толмағандарға берілетін паспорт бағасы арзандайды

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 12:37
Жеке куәлігін жиі жоғалтатын қазақстандықтар үшін мемлекеттік баж сомасы өседі
фото: mnews.kz

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға берілетін паспортқа қатысты мемлекеттік баж сомасы төмендейді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Сергей Карплюк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенатта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

«Халықтың көші-қоны бөлігінде тиісті нормалар қамтылып отыр. Мысалы, кәмелетке толмағандарға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке (27 600 теңгеден 13 800 теңгеден) дейін төмендетіледі. Сонымен қатар берілген паспорт парақтарының санына қарай мемлекеттік баждың сараланған мөлшерлемесі (16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 4 АЕК немесе 13 800 теңге, 36 бет – 8 АЕК, 48 бет – 12 АЕК) енгізілмек», - деді Сергей Карплюк.

Сондай-ақ сенатор құжатын алғашқы жоғалтқан сәттен бастап бір жылда 2 және одан да көп рет қалпына келтіру үшін жүгінген кезде, жеке куәлік қайта берілгенде мемлекеттік баж мөлшері ұлғайтылатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама