Жауап алғаннан кейін оны босатып жіберген
Ақмола облысында ер адам иттерді аулап, дәмхана, мейрамханаларға сатып жүрген. Оны кейін полицейлер мен елордалық еріктілер ұстады.
Еріктілер ит аулаушымен сатып алушы болып танысқан видеожазбасын әлеуметтік желіге жариялады. Ол өзі «аңшылық құратын» 18 ауданнан бірде-бір иттің қашып құтылмайтынын айтқан. Тіпті, одан қаланың жартысы ет сатып алатын көрінеді.
Ит аулаушының қоржынындағы еттің көлемі өте үлкен. Ол ешкімнен қорықпайтыны соншалық, бір сәтте 700 келі ет шыққанын және иттің етін аз мөлшерде сатпайтынын айтты. «Етте чип немесе оқ болуы мүмкін, сондықтан мұқият пісіріңіздер» дейді. Қаскөй ұсталды, одан қару-жарақ пен 750 келіден аса иттің еті тәркіленді, – делінген хабарламада.
Еріктілердің айтуынша, жауап алғаннан кейін ит аулаушы босатылған.
Ит пен мысықтардың етін жеуге тыйым салынады және бұл Қылмыстық кодекстің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша қаралады. Мәселеге құқық қорғау органдары назар аударады деп үміттенеміз. Өйткені осындай жағдай Алматы облысының Қарасай ауданында да байқалған. Онда қылмыстық іс қозғалды, – деп жазды еріктілер.
Белсенділер иттің етіне тапсырыс берген және дәмхана, мейрамханаға келушілердің денсаулығына қауіп төндіргендер де тексерілуіге тиіс деп санайды. Өйткені бұралқы иттер ауру, құтырған болуы мүмкін.