×

Шымкентте алаяққа алданған азаматтар 77 млн теңгесінен айырылған

Күдікті кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға сотталды

 Дастан Жұмабекұлы 23.02.2023 | 10:02
фото: ашық дереккөз

Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПК еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарынан «GAP» пирамидасына кіру үшін 240 мың теңге көлемінде жарна жинап, азаматтарға тұрғын үй немесе автокөлік алуға көмектесемін деп, олармен 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімшарт жасаған күдікіні ұстады.

Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне алаяққа алданған 33 азамат хабарласып, 77 миллион теңгеден айырылғандарын айтқан.

Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот «GAP» пирамидасына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама