Halyq Uni логотип
×

Жолаушыларға сусын ұсынбаған шетелдік әуе компаниясына айыппұл салынды

Air Arabia әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Халық үні 23.02.2023 | 09:57
Жолаушыларға сусын ұсынбаған шетелдік әуе компаниясына айыппұл салынды
фото: silkbyayesha.com

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын Қазақстан заңнамасына сәйкес рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартуды жалғастырып жатыр.

Мәселен, Алматы - Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауға байланысты биыл 13 ақпанында Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды.

Азаматтық авиация комитеті жолаушылардың құқығын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама