Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы – 1 025 шақырым
5 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Жол қозғалысы шектелген учаскелердің жалпы ұзындығы – 1 025 шақырым немесе республикалық желінің 4,1%-ы.
Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейінгі аралығында және БҚО шекарасынан Маржанбұлақ кентіне дейін барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Алматы облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Междуреченск кентіне дейін барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жамбыл облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолы, Бурылбайтал – Ақсүйек ауылдары арасында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді.
Батыс Қазақстан облысында «Самара – Шымкент» тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысының шекарасы аралығы жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.
Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы – Балқаш аралығы барлық автокөлік түрі үшін жабық.